Тіркелген тұрғындардың назарына!
Егер Сіз:
- медициналық қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;
- медициналық персонал тарапынан дөрекі мінез-құлыққа тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша талап ету (бопсалау) фактілеріне тап болсаңыз;
- сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау қызметіне мына телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
Пациенттерді қолдау қызметіне дереу хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 700 214 61 60Сондай-ақ Сіз өз байланыс деректеріңізді (тегіңізді, телефоныңызды, мекенжайыңызды) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз:
• Емханамыздың кіреберісінде орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне»;
• Тіркеу бөлімінің фойесіндегі Пациенттерді қолдау қызметінің кезекші мамандарына жүгіне аласыз;
• Біздің gp14.kz сайтымыздың «Бас дәрігердің блогы» бөліміне жолдай аласыз.
Қызмет көрсету сапасы бойынша сұрақтарыңыз қалды ма?
Ұйым басшылығына тікелей жүгіне аласыз.
Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қарастырады және өтінішті қарау нәтижелері бойынша Сізге ақпарат береді.
Ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін Сіздердің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Сондай-ақ Бірыңғай медициналық Call-орталыққа хабарласа аласыз












