Онкологиялық аурулар жиілілігін азайтуға болмайды, егерде ондай дерт ерте кезеңінде анықталса, ол дертті тиімді емдеп, толық сауығуға болар еді, дегенмен ерте кезеңде обыр дертін анықтау қолымыздан келмейді.
Қанайналымы жүйесінің ауруларын, глаукоманы және онкологиялық ауруларды ерте анықтау скрининг тексерулерді дер кезінде өту арқылы қол жеткізуге болады, сондықтан сіздерді скрининг профилактикалық тексерулерден жас мөлшерлеріңізге қарай өтулеріңізді сұраймыз.
➤ 1) Қанайналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтауға скрининг тексерулері(артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) және қант диабеті (аталмыш аурулары бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған ерлер мен әйелдер).
Мерзімділігі: 2 жылда 1 рет. Жас мөлшері: 18, 25, 30, 35, 40 жасқа дейін және 40 жастан 64 жасқа дейін.
➤ 2) Глаукоманы скрининг тексеру арқылы ерте анықтау бойынша(глаукома ауруы бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған ерлер мен әйелдер).
Жас мөлшері: 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас.
➤ 3) Сүт безінің обырына қатысты ісікке дейінгі және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг тексерулер(сүт безінің обыры бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған әйелдер).
Жас мөлшері: 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас.
➤ 4) Жатыр мойнағының ісікке дейінгі ауруларын және жатыр мойнағының обыры дертін ерте анықтауға скрининг тексерулер(жатыр мойнағының обыры бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған әйелдер).
Жас мөлшері: 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жас.
➤ 5) Жуан ішек пен тік ішектің ісікке дейінгі және ісік ауруларын ерте анықтауға скрининг тексерулері(жуан ішек пен тік ішектің полипозы, обырына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған ерлер мен әйелдер).
Жас мөлшері: 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас.
➤ 6) Өңеш обыры мен асқазан обыры ауруын ерте анықтауға скрининг тексерулері(өңеш обыры мен асқазан обыры ауруына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған ерлер мен әйелдер).
Әдісі: эзофагогастродуоденоскопия (ФГДС). Жас мөлшері: 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жас.
➤ 7) Бауыр обыры ауруын ерте анықтауға скрининг тексерулер(вирусты және вируссыз этиологиясының бауыр циррозына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған ерлер мен әйелдер).
Әдісі: иммунохимиялық / иммуноферментті талдау (ИХА/ИФА) әдісімен альфа-фетопротеин (АФП) деңгейін анықтау үшін тамырдан қан алу іске асырылады және бауырдың УДЗ жүргізіледі.
➤ 8) Қуық асты безінің обырын ерте анықтауға скрининг тексерулері(қуық асты безінің обырына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған ерлер).
Әдісі: ИХА әдісімен простат-спецификалық антиген (ПСА) деңгейін анықтау үшін тамырдан қан алынады. Жас мөлшері: 50, 54, 58, 62 және 66 жас.