
Менингит — дер кезінде медициналық көмек көрсетуді қажет ететін қауіпті ауру. Оның алғашқы белгілері туралы Алматы қаласындағы №14 қалалық емхананың ЖТД (жалпы тәжірибелік дәрігер) бөлімінің меңгерушісі Жансая Жанабаева айтып берді.
Бастапқы кезеңде менингитті ЖРВИ-мен (жедел респираторлық вирустық инфекциямен) шатастыруға болады. Алайда ешбір жағдайда елеусіз қалдыруға болмайтын бірнеше ерекше белгілер бар.
Алаңдатуы тиіс негізгі белгілер:
- ➤ Қатты және күшейіп бара жатқан бас ауруы;
- ➤ Жоғары дене қызуы;
- ➤ Жеңілдік әкелмейтін қайта-қайта құсу;
- ➤ Айқын әлсіздік және тез шаршағыштық;
- ➤ Мойын бұлшықеттерінің ауырсынуы мен сіресуі (иекті кеудеге жақындатудың мүмкін еместігі);
- ➤ Жарық пен дыбысқа жоғары сезімталдық.
Менингококк инфекциясы кезінде теріде басқан кезде бозарбайтын өзіне тән геморрагиялық (жұлдызша тәрізді) бөртпе пайда болуы мүмкін.
Құрысулар, естің бұзылуы немесе жоғалуы, сондай-ақ тыныс алудың қиындауы. Бұл өмірге қауіп төндіретін критикалық белгілер!
«Менингит бірнеше сағаттың ішінде өте жылдам өршуі мүмкін. Сондықтан күдікті белгілер пайда болған кезде күтуге және өз бетінше емделумен айналысуға болмайды, дереу білікті медициналық көмекке жүгіну қажет»
— Жансая Жанабаева, №14 Қалалық емхананың ЖТД бөлімшесінің меңгерушісі
Алдын алу шаралары:
Аурудың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, бөлмелерді жиі желдету және ауру белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу ұсынылады.













