Қаріп / Шрифт:
Түс / Цвет:

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

 

Әнұранның авторлары:

Әнін жазған:

Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар:

Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның жаңа Мемлекеттік әнұраны 2006 жылғы 11 қаңтарда елімізде ресми түрде қабылданды. Оның негізі ретінде халық арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдалды.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны —
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы: Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Елің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы: Менің елім, менің елім,
Жырың болып төгілемін,
Елің болып егілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес бекітілген.