Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2 болатын тік бұрышты көгілдір түсті мата.
Мемлекеттік ту — мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін, оның қалыптасу тарихы мен ұлттық құндылықтарын айшықтайтын басты нышандардың бірі.
Тудың элементтері мен олардың мағынасы:
✦
Көгілдір бір түсті мата — Қазақстан халқының бірлігін, бейбітшілік пен ашық аспанды, сондай-ақ түркі халықтары үшін қасиетті саналатын адалдық пен тазалықты білдіреді.
✦
Алтын күн және қыран — ортадағы шұғылалы күн байлық пен берекені, өмірлік қуатты бейнелейді. Күн астында қалықтаған қыран — мемлекеттің еркіндігін, қуаттылығын, асқақ армандары мен болашаққа деген талпынысын көрсетеді.
✦
Ұлттық ою-өрнек жолағы — матаның сабына бекітілген тұсында орналасқан тік өрнек Қазақстан халқының бай мәдениеті мен ежелгі дәстүрлерін, ұлттық болмысын айқындайды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес бекітілген.











