Call-центр: +7 (727) 338-22-32, Служба поддержки пациентов + 7 747 335 5808
Email: gp_14_1@mail.ru

     №2 Қалалық емханаға қарасты №98 қазақ орта мектебінде 2017 жылдың 6 қыркүйегінде бас дәрігер Тоғжан Сағынышовнаның басшылық етуімен №2 Қалалық емхананың маман дәрігерлері, психологы, әлеуметтік қызметкері мектеп оқушыларына «Оқушыларға сапалы медициналық көмек көрсету» айлығына орайластырып «Оқушылардың дұрыс тамақтануы және иммунопрофлактикасы» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді.

     Дәрігер педиатр Байсбаева Х.Е.балаларға профилактикалық егудің маңыздылығын, балалар денсаулығына қажеттілігін түсіндірді. Дәрігер Амантурлиева Г.И. балаларға дұрыс тамақтану негіздерінен дәріс айтты.

     №2 Қалалық емхананың бас дәрігері Тоғжан Сағынышқызы оқушыларға дұрыс тамақтану негіздерін айтып, «Оқушыларға сапалы медициналық көмек көрсету» айлығына орай 08 қыркүйек күні №2 Қалалық емханаға ашық есік күніне шақырды.