Call-центр: +7 (727) 338-22-32, Пациенттерді қолдау қызметі: + 7 7002146160
Email: info@gp14.kz

Бүгін Алматының Медеу ауданындағы «Сұлусай» елді мекенінде фельдшерлік -акушерлік пункт ашылды. Медициналық пунктті « Falcon Petroleum » ЖШС құрылыс компаниясы салып, оны қала балансына берді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала кәсіпкерлерінің әлеуметтік жауапкершіліктерінің жоғары екендігін, соның арқасында мегаполистің дамуына айтарлықтай ықпал етіп отырғандықтарын жеткізді.

«Елбасы айтып өткендей, қаланың барлық аумақтарында тұратын алматылықтарға бірдей жағдай жасалуда. Мегаполиске қосылған елді мекендер тұрғындарының жақсы өмір сүруіне алматылық бизнесмендер де өз үлестерін қосуда. Нәтижесінде әлеуметтік инфрақұрылымдар дамып келеді. Бүгінгі ашылған медициналық пункт- соның айқын дәлелі», - деді Б.Байбек.

«Сұлусай» ықшам ауданында дәрігерлік пункттің болмауы тұрғындарды әбігерге салатын. Енді жаңа ашылған фельдшерлік- акушерлік пункт дер кезінде медициналық көмек көрсететін болады. Бұдан өзге, мұнда қала мен елді мекенді байланыстыратын жол да салынды.

Естеріңізге сала кетейік, «Сұлусайда» 600-ден астам адам тұрады, бұл елді мекен Алматыға 2014 жылы қосылған болатын.