Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл – риясыз махаббат пен мейірімге, шынайы құрмет пен шексіз алғысқа толы мереке. Себебі, адам денсаулығы қай уақытта да ең басты құндылық болып есептеледі. Ал, аурудан арашалайтын ақ халатты абзал жандар қай кезеңде де айрықша құрметке ие болған. Сол себепті біздің елімізде Медицина қызметкерлері күні нағыз халықтық мереке ретінде аталып өтіліп келеді.
Ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың денсаулығы елдің қалыпты дамуының кепілі екендігін үнемі айтып келеді. Сіздер де өздеріңіздің кәсіби парыздарыңызды абыроймен атқарып келесіздер. Қиын сәттерде сіздер көмек қолын созып, науқастың дертіне дауа, шипа қыласыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында тоқтаған жүректер қайта соғып, үзілген үміттер қайта жалғанып жатады.
Осынау шуақты мереке күні №2 Қалалық емхананың жоғарғы денгейде көрінуіне үлес қосқан ардагерлерімізге, денсаулық сақтау саласын қалыптастыруға қарымды үлес қосқан қайраткер тұлғаларға шексіз алғысымызды білдіреміз. Олардың салған сара жолдары мен даңқты дәстүрлері бүгінгі күні де емхананың алдында тұрған межелі міндеттерді шешуге оң әсерін тигізіп келеді.
Баршаңызды Медицина қызметкерлері күнімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс және отбасыларыңызға ортаймас ырыс-несібе тілейміз!