2017 жылғы 14 қарашада №14 Қалалық емхананың әлеументтік қызметкерлері мен психологтары №149 ЖББ мектептің меңгерушілерімен біріге отырып 11 сынып оқушыларына Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Жастар ЖИТС-ке қарсы» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу, білім алушыларды АИТВ/ЖИТС мәселелерінің маңыздылығын және өзінің мінез-құлқына жеке жауапкершілікті сезіну, салауатты өмір салтын насихаттау. Семинардың барысында тақырыптық бейнероликтердің көрсетілімі жүргізілді, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағартушылық материалдар таратылды.